Развернутое обследование на половые инфекции методом ИФА (пакетное предложение)
Мұның бәрі олар туралы, иммуноглобулиндер туралы. Дәлірек айтқанда, біз адамға "жұқпаның" енуіне жауап ретінде пайда болатын антиденелер туралы сөқ қозғаймыз.
IgG талдауы арқылы біз сіздің ағзаңыздың (дәлірек айтқанда, иммундық жүйеңіздің) белгілі бір микроағзалармен ("жұқпамен" — вируспен, бактериямен, қарапайымдымен, құртпен) байланысы болғанын-болмағанын анықтаймыз.
Енді IgM тоқталайық, олар микроағзаның адамға алғашқы енуіне жауап ретінде қалыптасады.
Әр түрлі жұқпалар кезінде IgM түзілу процесі әртүрлі уақытты алады. Мысалы, тұмаумен ауыру кезінде бұл уақыт небәрі бір аптаға созылады. Дәл сондықтан "емделген тұмау бір аптада, ал емделмеген тұмау 7 күнде өтеді". Осы уақыт ішінде (егер иммунитет күйі қалыпты болса) синтезделген М вирусты жеңеді. Басқа жұқпалар кезінде бұл процесс бірнеше апта мен айға созылады (гепатит, боррелиоз), ал кейбіреулерінде ("баяу жұқпалар" деп аталатын АИТВ, прион аурулары) айлап, жылдап созылады.
Иммуноглобулиндер туралы айтатын болсақ, жіті жұқпаны немесе оның белсендігін анықтауға көмектесетін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) талдауы туралы айта кеткен жөн. Бұл талдау, алдыңғы талдауларға қарағанда, иммундық жүйенің қоздырғышқа (антиденелерге) реакциясын емес, микроағзаның өзін, дәлірек айтқанда, оның құрамына кіретін РНҚ немесе ДНҚ нуклеин қышқылын анықтайды. Әрине, бұл ағзада белсенді "жұқпаның" болуын одан да жақсы растайды.
ПТР талдау нәтижелері бойынша адам ағзасында жұқпаның болуы туралы жүз пайыз дәлдікпен айтуға болады. Гепатит, зәр-жыныс жұқпалар, Эпштейн-Барр вирусы, өкпе жұқпасы, АИТВ - бұл ПТР талдауы арқылы анықталатын жұқпалар.
ИФТ пен ПТР арасындағы айырмашылық: ИФТ диагностикасында антигенге антиденелер анықталады, ал ПТР талдауында микроағза тікелей анықталады.
Сифилис (Суммарные антитела к Treponema pallidum);
Вирус герпеса IgG/IgM;
Микоплазмоз IgG/IgM (Mycoplasma hominis);
Уреаплазмоз IgG/IgM;
Трихомониаз IgG/Ig;
Гарднереллез IgG/IgM;
Candida albicans IgG/IgM
Вирус герпеса IgG/IgM;
Микоплазмоз IgG/IgM (Mycoplasma hominis);
Уреаплазмоз IgG/IgM;
Трихомониаз IgG/Ig;
Гарднереллез IgG/IgM;
Candida albicans IgG/IgM